Ақмола облысында жолда қалған 290 адам жылыту орындарына жеткізілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Мереке күндері Ақмола облысында жолда қалған 290 адам жылыту орындарына жеткізілді, оның 82-і бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, «Қазгидромет» РМК мереке күндері өңірде екпінді жел тұрып, боран болатынын ескерткен. Осыған байланысты облыстың ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар учаскелерінде 268 жылыту және 193 тамақтану орындарын дайындады.

«Үш күннің ішінде өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 35 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Наурыздың 23 күні аталмыш жол учаскелерінде ақтүтек боран мен қалың қардың салдарынан көлік қозғалысы қиындаған. Сол себепті өңірдің ТЖД мен ПД қызметкерлері, сондай-ақ жол ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысшылары бірлесіп, жолда қалған 290 адамды, оның ішінде 82 баланы жылту орындарына жеткізді» - деді Қ.Доспаев.

Айта кетсек, екпінді желдің салдарынан Біржан сал ауданының Макинка ауылында су жинау мұнарасы құлап қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар