Ақмола облысында жолда қалған 200 адам құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райына байланысты жолда қалған 200 адам құтқарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 26 наурызында түнгі сағат 00:05 шамасында Бурабай ауданының Щучинск қаласы маңында, яғни «Астана-Петропавл» тас жолының 18-23 шақырымында ТЖД жеке құрамының 3 қызметкері мен 1 арнайы техникасының көмегімен жолда қалған 10 жеңіл көлікте болған 16 адам (1-уі бала) құтқарылды. Жолаушылардың барлығы Щучинск қаласындағы жалпы типтегі мектеп интернатына орналастырлды. 

Сағат 00:10-00:20 шамасында Атбасар ауданы аумағында «Екатеринбург-Алматы»  тасжолының 856-1247 шақырымында «Астана-Рудный бағытында қатынайтын «Citroen» мен «Foton» жолаушылар автобустарында болған 63 адам ( 5-балалар) қауіпсіз жерге жеткізілді.

01:30 Есіл ауданы аймағында «Жақсы-Есіл-Бұзылық»  тасжолының 0-82 шақырымында «Қостанай-Астана» бағытында қатынайтын  «Kia» және «Foton»  автобустары істен шығып, көлікте отырған 98 жолаушы ( 3-уі бала) құтқарылды. Жолаушылардың барлығы Есіл қаласындағы  № 7 кәсіптік лицейге жеткізілді.

Ал, осы күні түнгі сағат 01-50 шамасында Ерейментау  ауданы арқылы өтетін «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымында  4 жеңіл көлікте болған 10 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар