Ақмола облысында жолда қалған 10 жолаушы құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының бойында жолда қалған 10 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«4 қарашада кешкі сағат 22:53-те «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының 175 шақырымында, яғни, Макинка ауылының маңында шағын автобус істен шықты. Құтқару жұмыстарына ТЖД Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 3 адам мен 1 арнайы техникасы тартылды. Көлік ішінде болған 10 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды. Ешкім зардап шекпеді», делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар