Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан 2 адам мерт болып, 8 адам зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданы аумағы арқылы өтетін «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы болып, 2 адам жан тәсілім етті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы жағдай қаңтардың 4-і күні сағат 16:10 минут шамасында Зеренді ауданы аумағы арқылы өтетін «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының 52 шақырымында орын алған. «Мерседес» және «Ауди-80» көліктерінің соқтығысуынан 2 адам мерт болып, 8 адам ауруханаға түсті.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар