Ақмола облысында жол ережесі 2 мың мәрте бұзылған
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өткізілген «Қауіпсіз жол» шарасы кезінде жол қозғалысы ережесінің 2000 астам рет бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы 18-20 қараша аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы өтті.
«Үш күннің ішінде өңірде жол қозғалысы ережесінің 2112 рет бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 25 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені, 234 жағдайда қауіпсіздік белбеуінің тағылмағаны, 116 жағдайда жүргізушінің рульде ұялы телефонмен сөйлескені анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған» деді ведомстводан.
Акция барысында жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына да ерекше көңіл бөлінді.
Жедел алдын алу шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережесін бұзған 354 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Оның басым көпшілігі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өткендер.
«Осы ретте тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды» деп толықтырды ведомстводан.
- Токиода құны 29 млн доллар лағыл тас ұрланды
- Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары
- Шетелден ұшып келген 201 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ
- «Smart Aqmola» базасында 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды
-
20 жастағы ақмолалық бірнеше күн үйіне келмей, компьютерлік ойын ойнаған
-
АҚШ-та торнадо салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам