Ақмола облысында жол бойында тұрған көлікті жүк көлігі соғып, бір адам мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол бойында тұрған жеңіл көлікті жүк көлігі қағып кетті. Оқиғаның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 15-де Аршалы ауданының Ишевск ауылында болған.

«Апат орнына келген жедел-тергеу тобы «Екатеринбор-Алматы» тас жолының бойында 35 жастағы ер адам тізгіндеген «Howo» көлігі жол бойында тұрған «Renault Trafik» көлігін соққанын анықтады. Осының салдарынан «Renault Trafik» көлігінің 44 жастағы жүргізуші ауруханада көз жұмды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күдіктіге шақырғанда келу міндеті процессуалдық шарасы қолданылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар