Ақмола облысында жол аптанынан кәмелеттік жасқа толмаған қыз көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол аптанынан кәмелеттік жасқа толмаған қыз көз жұмды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қайғылы оқиғаға 2016 жылдың 9 қазанында кешкілік уақытта Бурабай ауданының Қатаркөл аулында орын алған.

«Ауыл көшесімен келе жатқан «Мазда»  көлігінің жүргізушісі қарлы-жаңбырдың салдарынан рөлге ие бола алмай жол жетімен жүріп бара жатқан 2003 және 2004 жылғы екі қыз баланы қағып кетті. Қатты соққыдан қыздардардың  бірі аурханаға апара  жатқан жолда көз жұмды. Ал, екінші қыз және көлік жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 1988 жылғы көлік жүргізушісі уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Сондай-ақ, бірқатар сараптама тағайындалды», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар