Ақмола облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмып, екі адам ауруханаға түсті

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында жол апаты орын алып, 40 жастағы жүргізуші көз жұмды, тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты 11 мамырда «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1324 шақырымында болған. Алдын ала анықталғандай, «Тайота Камри» көлігі арақашықтықты сақтамай, алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің 40 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды, тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соққан жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда жол апатынан жүргізуші мен екі бала зардап шеккенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар