Ақмола облысында жол апатынан Ресей азаматы көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апатынан Ресей азаматы көз жұмды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол апаты Есіл ауданында «Қостанай-Әулиекөл- Сұрған» тас жолының 258 шақырымында орын алған.

«Сәуірдің 16 күні таңғы сағат 09:00 шамасында Есіл қаласынан 46 шақырым жерде «Лада-Приора» жеңіл көлігі жол апатына ұшырады. Тексеріс барысында анықталғандай көлік ішінде Ресейдің Шешенстан Республикасының үш азаматы отырған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі ұйықтап кеткен. Осының салдарынан көлік жолдан шығып, аударылған. Нәтижесінде 1993 жылғы көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, қалған екі жолаушы, яғни, жүргізушінің 1960 жылғы әкесі мен 1985 жылғы ағасы аман», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар