Ақмола облысында жол апатынан елорданың екі тұрғыны мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апаты салдарынан елорданың екі тұрғыны мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 30-да Бұланды аудандық полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны хабарласып, Бұланды ауданы Алакөл ауылының маңындағы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 138 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғанын айтқан.

Анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «Volkswagen Polo» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Mercedes Benz» жүк көлігімен соқтығысқан.

Жүк көлігінің рулінде елорданың 25 жастағы тұрғыны болды.

«Жол апатынан жеңіл көлік аударылып, көлік ішінде 67 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйел көз жұмды. Ал, көлік жүргізуші мен 4 жасар бала түрлі дене жарақатымен Ақкөл аудандық ауруханасына жатқызылды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Сонымен бірге, бірқатар сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар