Ақмола облысында жол апатынан бір адам мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағы арқылы өтетін «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1303 шақырымында «Шанкси» және «КамАЗ» автокөліктері соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Жол апаты түнгі сағат 04:55 шамасында орын алған. Салдарынан «Шанкси» көлігінің жүргізушісі 1974 жылғы Құрманғали Нұров оқиға орнында мерт болса, «КамАЗ» көлігінің 32 жасар жүргізушісі Денис Примак түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар