Ақмола облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, алтауы жарақаттанды
2015 жылғы 9 қараша 09:05

Ақмола облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, алтауы жарақаттанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында құрылысшылар мінген «ПАЗ» автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 1 адам көз жұмып, 6 адам жапа шекті. Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-ның Ақмола облыстық филиалының операторы хабарлады.

Келеңсіз жағдай 8 қараша күні кешкі уақыт 18:00 минут шамасында Астана қаласынан 46 шақырым қашықтықта Целиноград ауданы аумағында орын алған.

«Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен «КамАЗ» жүк көлігі құрылысшылар мінген «ПАЗ» автобусымен соғылды. Осының салдарынан соңғы көліктің ішінде 20 құрылысшының бірі оқиға орнында көз жұмып, тағы 5-і зардап шекті. Сондай-ақ, жүк көлігінің 1965 жылғы жүргізушісі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», деп көрсетілген хабарламада.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT