Ақмола облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды, тағы 4 адам түрлі дене жарақтымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ақпанның 18-де «Көкшетау-Атбасар» тасжолының Айдарлы ауылы маңында болған.

«Анықталғандай «Көкшетау-Атбасар» тасжолының 29 шақырымында «Тойота Камри» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «ВАЗ-2115» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «ВАЗ-2115» көліктің рулінде 46 жастағы ер адам басқарған. Жол апатынан 3 адам көз жұмып, 4 адам түрлі дене жарақтымен ауруханаға жатқызылды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Көкшетау – Атбасар» тасжолында бұған дейін де тағы бір көлік апаты болған еді.



Соңғы жаңалықтар