Ақмола облысында жол апатынан 20 жастағы жігіт көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Көкшетау-Атбасар» тасжолында жол апаты болып, 20 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтар түнгі 00:30 шамасында Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне «112» операторынан «Көкшетау-Атбасар» автожолының Айдарлы және Зеренді ауылдары арасында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабары түсті.

«Анықталғандай, облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны басқарған «Мercedes benz» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Nissan Ceffiro» авто көлігімен соқтығысты. Салдарынан «Nissan Ceffiro» көлігінің 20 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, Зеренді аудандық орталық ауруханасына «Mercedes вenz» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді.

«Сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар