Ақмола облысында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апатынан ұшыраған көлік өртеніп, 28 жастағы жүргізуші мен 39 жастағы жолаушысы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 26-да түнгі сағат 02:30 Ақкөл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Азат стансасының маңында «Мазда Кронус» көлігі жолдың шетіндегі жыраға аударылғандығы туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары «Азат - Степногор» тас жолының 6 шақырымында Нұр-Сұлтан қаласынан Степногорге бағыт алған «Мазда Кронус» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың шетіндегі жыраға аударылғанын анықтады.

«Апаттан көлік түгі қалмастан өртеніп кетті. Көлік ішінде болған 28 жастағы жүргізуші мен 39 жастағы жолаушысы алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, сот медициналық сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар