Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 18-де түнгі сағат 00:46-да Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 387 шақырымында, яғни Красный Горняк ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, істен шыққан «Toyota Camry» автокөлігі тиелген «Газель» автокөлігі (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны) алда тұрған «MAN» автокөлігімен (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы) соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Газель» автокөлігінің екі жолаушысы, яғни 34 және 29 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары оқиға орнында көз жұмды. Ал, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Ақкөл ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға кезінде екі жүргізуші де сау болған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.


Соңғы жаңалықтар