Ақмола облысында жоғалған колледж студенті табылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір күн бұрын колледж жатақханасынан белгісіз жаққа кетіп қалған 17 жастағы студент аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында сәуірдің 25-де жоғалған Виталий Садвакасов Степногор қаласынан табылды. Бозбаланың сөзінше, ол туған қаласына жолай кездескен көлікпен жеткен. Оның Степногор қаласындағы шағынауданда жүргенін көрген адамдар полицияға хабарлап айтты», - деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, жоғалған жасөспірімді іздеуге Көкшетау қалалық полиция басқармасы және Краснояр учаскелік полиция бекетінің жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында жоғалған колледж студенті іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар