Ақмола облысында жоғалған колледж оқушысы іздестірілуде

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жоғалған 17 жастағы колледж оқушысы іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 25-інде «102» арнайы желісіне Краснояр кентіндегі агротехникалық колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары хабарласып, 2004 жылы туған оқушы Виталий Витальевич Садвакасовтың жоғалғанын айтқан. Директор орынбасарының сөзінше, жасөспірім колледж жатақханасынан белгісіз бағытта шығып кеткен.

Жоғалған жасөспірімнің бойы 160-165 см. Дене бітімі орташа. Көзі қара. Үстіне қара түсті куртка, көк джинсы киген.

«Жасөспірімді іздеуге Көкшетау қалалық Полиция басқармасы және Краснояр учаскелік полиция бекетінің жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері агротехникалық колледж әкімшілігімен бірге саяжай алабын, Чайкино кентін, Көкшетау қаласының орталық саябағының аумағын, Көкшетау қаласының теміржол және авто вокзал аумақтарын сүзіп шықты. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Іздеу шаралары жалғасуда», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары В.В.Садвакасовтың қайда жүргенін білетін адамдар болса, дереу 87162-29-11-14, 8-705-299-58-49 телефон нөмірлеріне немесе 102 арнайы желісіне хабарласуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар