Ақмола облысында жоғалған әйел танысының үйінен табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мереке күндері жоғалған әйел танысының үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың 3 қаңтарында Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, 54 жастағы әйел жүгініп, әпкесін іздеп табуға көмек сұраған. Оның сөзінше, әпкесі 1 қаңтар күні кешкі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Жоғалған әйелді іздестіру шараларына Ақкөл ауданды полиция бөлімінің барлық жеке құрамы тартылып, жедел-іздестіру тобы құрылды. Ақмола облысы бойынша барлық полиция жасағына жоғалған әйелдің белгілерімен бағдар жіберілді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған әйелді танысының үйінен тапты. Анықталғандай, бойдақтар мерекелік кешті бірге өткізуді ұйғарған. Полицейлер әйелмен профилактикалық әңгіме өткізді» дейді ведомстводан.

Әйелге қатысты қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмаған.

Осы ретте тәртіп сақшылары осындай жағдайларды алдын алу мақсатында өңір тұрғындарына тұрғылықты жерінен немесе келген жерінен ұзақ уақытқа кеткен кезде жақындарын хабардар етуге, ал алыс сапарға жалғыз шықпауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар