Ақмола облысында ЖИТС құрбандарын еске алу айлығы өтеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен ЖИТС құрбандарын еске алу күні болып аталып өтеді. 2019 жылы бұл дата мамырдың 19-на сәйкес келіп отыр. Осыған орай, мамырдың 13-і мен маусымның 13-і аралығында Ақмола облысында ЖИТС құрбандарын еске алу айлығы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЖИТС құрбандарын еске алу күні АИТВ-мен өмір сүретін және зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету, қоғамға осындай мәселенің барын құлағдар ету мақсатында өткізіледі», - деп атап өтті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов.

Айта кетейік, бұл күн алғаш рет (World Remembrance Day of AIDS Victims) 1983 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында аталып өтілген еді. Биылғы жылы алғаш рет «ЖИТС құрбандарын еске алу шырағдан шамы» - бірінші халықаралық мемориалы тұрғызылды.

Құрманбек Бұрмағановтың айтуынша, Ақмола облысында мамырдың 13-і мен маусымның 13-і аралығында өтетін айлық шеңберінде бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланған.

«Мамырдың 15-де Көкшетау қаласындағы колледждер оқушыларының қатысуымен спорттық эстафета, «Тәуелсіздік» алаңында АИТВ диагностикалау бойынша экспресс-әдіс, мамырдың 17, 22, 23 29 күндері және маусымның 5-де құрылыс-техникалық коллдеж, орталық базар және «Алтын ғасыр» сауда үйінің аумағында ақпараттық-білім беру материалдары үлестіріледі, сондай-ақ, дәрігер мамандар кеңес береді. Ал, мамырдың 28-де Ақмола облысының ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында ашық есік күні өткізіліп, онда дерматовенеролог, гинеколог, педиатор және психолог мамандары қызмет көрсетеді. Айлық Көкшетау қаласының орталық саябағында жастардың квест ойыны акциясымен аяқталады», - деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.

null

Соңғы жаңалықтар