Ақмола облысында жетім балалар пəтерлі болды

None
None
КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат - Ақмола облысының  Есіл  ауданында  пəтер кезегінде тұрған 13 жетім балаға жаңа пəтердің  кілті тапсырылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық  балаларды  қорғау жəне ҚР Мемлекеттік  рәсімдері  күндері, Есіл қаласының  55 жылдығына орай  Есіл ауданының əкімі Талғат  Ерсейітов  пəтер кезегінде  тұрған  адамдарға жаңадан салынған тұрғын үйден  пəтер  кілтін  салтанатты түрде тапсырды. Баспаналы  болғандардың  арасында  13 жетім  бала да бар.

Құтықтау сөзінде аудан əкімі Талғат Ерсейітов өңірде аймақ басшысының тапсырмасы бойынша жетім жəне ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды баспанамен  қамтамасыз ету жұмыстары белсенді қолға алынғанын  атап өтті.

"Аймақ басшысы Мəлік  Мырзалинің қолдауымен  ағымдағы  жылы  Есіл қаласындағы  32 пəтерлі  тұрғын үйді  сатып алу  үшін қаржы  бөлінді.  Пəтерлерге  газ плитасы, су жылытқыш орнатылған. Сонымен  қатар,  үйдің маңы да абаттандырылған", деді  Т.Ерсейітов құқтықтау  сөзінде.

Сондай пəтер алғандардың бірі - Анастасия Кононец өзінің қуанышымен бөлісті. "Менің бүгінгі қуанышымды айтып жеткізу мүмкін  емес.  Жұрт сияқты мен де өзімнің «шатырым» болса деп армандадым. Бүгін сол арманым орындалды. Осындай игі істерге мұрындық болып, қамқорлық  танытқан мемлекетіміз бен облыс əкіміне алғысым шексіз", - деп Анастасия Кононец ағынан  жарылды.

Соңғы жаңалықтар