Ақмола облысында жергілікті полиция қызметіне 1,2 мың адам тартылды - Ж.Омаров

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жергілікті полиция қызметіне 1,2 мың адам тартылған. Ақмола облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жанбай Омаров айтты.

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 30-шы қадамында халық алдында есеп беріп отыратын жергілікті полиция қызметін құру мәселесі қамтылған.

Жергілікті полиция қызметі басшысының айтуынша, Ұлт жоспарында полиция қызметкерлері ендігі уақытта қарапайым жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, адамдардың әрбір арыз-шағымына жете назар аударатын болады. Бұл өз кезегіндеқызмет сапасын, қылмыстың ашылу көрсеткішін жақсартпақ.

«Осы мақсатта дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын» акциясының мәні зор болып отыр.Акция шеңберінде учаскелік инспекторлар барлық дерлік тұрғындармен кездесіп, байланыс орнатады. Сонымен қатар «Тұрмыс. Бақылау және алкоголь» жедел алдын алу шарасы да үзбей өткізілуде. Шара барысында тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға, араққа салынып отбасының, көрші-қолаңның тынышын алатындарды тәртіпке шақыруғамүмкіндік жасалады. Көшедегі қылмыстар мен бұзақылықтардың алдын алу, тыю мақсатында өткізілетін «Бұзақы», «Тонаушы» жедел алдын алу шаралары да оң нәтижелерін беріп келеді.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін «Түнгі қаладағы балалар» акциясы үнемі өткізіледі. Шара барысында ересектердің бақылауынсыз түнде қыдырып жүрген балалардың ата-аналарына ескерту жасалып, мұның ақырының жамандыққа ұшыратуы мүмкіндігі ескертіледі», деді Ж. Омаров.

Сонымен қатар ол жергілікті полиция қызметін құрудағы мақсат полицияның халық алдында есеп беруі арқылы оның жұртшылық алдындағы жауапкершілігін арттыруға жағдай жасау болатынын айтуда.

«Облыс бойынша жергілікті полиция қызметіне 1,2 мың адам тартылған. Жергілікті полиция Ішкі істер министрлігінің орталықтанған жүйесіне кіреді және жергілікті атқарушы органның құрамына қосылмайды, бірақ жергілікті билік пен халық алдында есеп беріп отырады», дейді Ж. Омаров.

Соңғы жаңалықтар