Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің қысқа жинаған 10 тонна шөбін өрттеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 12-де Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 60 жастағы әйел хабарласып, ауыл тұрғындарының бірі, шөбін өртеп жібергенін айтқан.

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері зардап шеккен әйелдің көршісі мас күйінде оның үй ауласында үйілген 10 тонна шөбін өртеп жібергенін анықтады. Күдікті 20 жастағы әйелдің айтуынша, жәбірленуші мен оның үйлерінің арасындағы жер учаскесіне (өртенген шөп үйілген жер) қатысты дау туындаған. Осыған байланысты ол көршісінің 10 тонна шөбін өртеп жіберген», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 202 бабының 2-ші бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар