Ақмола облысында «Жер – 2021» оқу-жаттығуы басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық бөлімшелерінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындайтын төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілеті деңгейін арттыруға бағытталған тактикалық оқу-жаттығулар далалық жағдайларда алғаш рет өткізіліп отыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында оқу кіріспе жұмыстарын пысықтау мақсатында құрамына 20 азаматтық қорғау қызметі кіретін 139 құрылым жедел штабтар жоғары дайындыққа келтірілді.

Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, екі күн қатарынан режимдік уақытта әрекет ету алгоритмдерін пысықтайтын болады.

Жаттығуға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл ден қою жасақтары, апаттық-құтқару қызметтерінің құрамалары, ҚР Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі және халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің барлық объектілері тартылып отыр.



Соңғы жаңалықтар