Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы құрылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын құру жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанованың қатысуымен өткен іскер әйелдердің өңірлік кеңесінде айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы осы саладағы кәсіпорындардың басын ғана қосып қоймай, ортақ мәселелерді шешуге, жаңа әріптестерді іздеуге, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтып, өнімділікті арттыруға жәрдем жасамақ.

Кеңесте бизнес ханым кадр тапшылығы тәрізді проблемаларға тоқталып, оны шешу жолдарын қарастырды.

«Біз бүгін өзімді ғана емес, қарамағымыздағы жұмысшылардың біліктілігін арттыруымыз қажет. Мамандардың білімін жетілдіру үшін тәжірибелі бизнес жаттықтырушылар мен коучейлерді тарта отырып, түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру қажет», деді Лаззат Рамазанова.

Кездесу барысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауына, Ақмола облысының іскер әйелдер форумына бизнес ханымдардың қатысу мәселесі де айтылды.

Соңғы жаңалықтар