Ақмола облысында жеңіл көлік жылқылармен соқтығысып, үш адам ажал құшты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан ауданында «Лада Приора» жеңіл көлігі жылқылармен соқтығысып, үш адам мерт болды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қайғылы жағдай 27 қазан күні түнгі уақыт 23:38 минут шамасында Астрахан ауданы аумағы арқылы өтетін «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1122-ші шақырымында орын алған. Жол бойымен жүріп келе жатқан «Лада Приора» жеңіл көлігі жылқылармен соқтығысқан. Осының салдарынан жеңіл көліктен өрт шығып, ішінде отырған 1991 жылғы жүргізушісі мен екі жолаушысы өртеніп кетті. Қазір кезде қаза тапқан жолаушылардың кім екені анықталуда», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар