Ақмола облысында жеңіл көлік су қоймасына құлап, 61 жастағы ер адам ажал құшты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жеңіл көлік су қоймасына құлап, 61 жастағы ер адам ажал құшты.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай Ерейментау ауданындағы Сілеті су қоймасында орын алды. Үш адамнан тұратын отбасы осында демалуға барған. Отағасы көліктің ішінде түнеген. Таңертең шатырдың астында жатқан әйел өзен жағасында тұрған көліктің жоқ екені байқайды. Көліктің ізі сол маңда тұрған қайықты соғып, 15 метр биіктіктен өзенге құлап кеткенін аңғартады. Оқиға орнына дереу жеткен суда жүзушілер жағадан 50 метр қашықтықта, 7 метр тереңдікте жатқан «АUDI-А4» көлігін анықтап, 1955 жылғы ер адамның денесін сыртқа алып шықты», - деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар