Ақмола облысында жеңгетайлар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 17 қыркүйек күні Көкшетау қаласында 40 жастағы әйелдің жергілікті сауналардың бірінде жеңгетайлықпен айналысып жүргендігі туралы ақпарат түскен.

«Жедел тергеу шаралары барысында ақпарат расталып, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшылары жезөкшелікпен айналысу үшін қорда құрып, ұстау, пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысумен пара-пар екенін, кінәлілердің мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын айтады.

«Сонымен қатар, 20 қыркүйек күні Щучинск қаласында жезөкшелікке тартқаны үшін 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің тамыз айында 26 жастағы келіншекті қорқыту және мұқтаж жағдайын пайдалану арқылы жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлегені анықталды», - дейді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар