Ақмола облысында жемқорлықты алдын алу жұмыстары түсіндірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Республикалық арнайы мониторинг тобы жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Жұмыс тобының құрамында танымал қоғам қайраткерлері Айгуль Соловьева, Зəуреш Батталова жəне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар аясында топ мүшелері Ерейментау, Атбасар, Сандықтау аудандары және Көкшетау қаласынадағы білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы  жəне өнеркəсіп салаларындағы еңбек ұжымдары жəне қарапайым халықпен кездесті.

Кездесуде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері, оларды жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге шақыру, пара беру немесе алу әрекеттері орын алған жағдайда, құқық бұзғандарға қандай жазалар қолданылатындығын түсіндірді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілді.

Мəселен, Ерейментау ауданында болған топ мүшесі Зәуре Батталова тұрмыстық жемқорлықтың келтіретін залалын айта келе, бюджет қаражатын тиімді қолдану жəне оны бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Кейбір кемшіліктерді жою мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жергілікті арнайы мониторинг топтарға ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, топ мүшелерінің сапары Атбасар, Сандықтау аудандары жəне Көкшетау қаласында жалғасты.

Сапар соңында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жанындағы арнайы мониторингтік топ және жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша облыстық комиссияның бірлескен отырысы болып өтті.

Онда республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері жемқорлықтың алдын алу және ескерту, оған қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру керектігіне ерекше көңіл бөлді. Өз өкілеттіктерін асыра пайдалануды болдырмау үшін жергілікті шенеуніктердің іс-әрекеті мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына үнемі бақылау, мониторинг жүргізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар