Ақмола облысында жемқорлықпен айналысқан білім бөлімінің әдіскеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы аудандық білім бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық мәселелері жөніндегі әдіскері мен оның сыбайласының үстінен қозғалған сотқа дейінгі қылмыстық іс аяқталды.

Бұл жөнінде облыстық ЭҚСЖКД баспасөз қызметі хабарлады.

Жақсы аудандық білім бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық мәселелері жөніндегі әдіскері Қасенова мен азаматша Мырзабаева алаяқтықпен айналасты деген күдікке алынған.

Қаржы полициясымен жүргізілген тергеу амалдары барысында Қасенованың заңсыз материалдық пайда таппақ ниетімен өз қызметін асыра пайдаланып, азаматша Мырзабаевамен бірлесіп 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың ақпаны аралығында 650 мың теңгенің көлемінде бюджет қаржысын алаяқтық жолмен жымқырып отырғаны анықталды.

Мырзабава өзінің туған баласынан бас тартып, құжат бойынша анасының қамқорлығына берген.

Анасы болса қамқорлық үшін төленетін ақшаны ай сайын есеп шоттан алып қызына, ал қызы өз кезегінде Қасеновамен бөлісіп отырған. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, Жақсы аудандық сотына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар