+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды

2019 жылғы 12 желтоқсан 03:27
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл этикасының негіздері» тақырыбына семинар-кеңес өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысы: Шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына парақорлық үшін айыппұл салынды Елордада Джанлука Эспозитомен жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ынтымақтастығы талқыланды Ақтөбеде жолдарды қардан тазартуға 800 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараға қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали 2003 жылдың 9 желтоқсанында қол қойылған және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте халықаралық ынтымақтастықтың тетіктерін анықтайтын БҰҰ Конвенциясының маңызды халықаралық-құқықтық құжаты туралы айтты. Қазақстан Республикасы 2008 жылғы мамырдан бастап осы Конвенцияның толыққанды мүшесі.

Осы ретте, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы аймақтық ақпараттық-ағартушылық штабын құру туралы ұсыныс жасады.

«Алдын алу шараларын одан әрі жетілдіру, үйлестіру және ұйымдастыру мақсатында бүгінгі таңда осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған жаңа қоғамдық тетікті құру қажеттілігі пайда болды. Белсенді азаматтық ұстанымды жүргізгендерге шын жүректен алғыс айтамын. Ақпараттық-ағартушылық штаб біздің бірлескен қызметімізге жаңа серпін беріп, барлық азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы өзара іс - қимылын күшейтеді», - деп атап өтті департаменттің басшысы Мұрат Төлеубаев.

Одан әрі аймақтық Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі, қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұл сөз сөйлеп, барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамауға, парасаттылыққа, адалдыққа, әділдік пен патриотизмге тәрбиелеуге шақырды.

Ақмола облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың этикалық нормалары мен талаптарын сақтау бойынша баяндама жасады.

Шара қонағы - белгілі жазушы Жан Ақжанов болды, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы өз пікірлері мен білімдерімен бөлісті.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы мен жүзеге асырылатын іс-шаралары туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ, бір топ қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлестері үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT