Ақмола облысында жел және күн электр стансалары салынып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысының Аршалы ауданында «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел электр стансасын салу бойынша ірі жобаның алғашқы кезеңін (қуаты 50 МВт) жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.
«2019 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел электр стансасын салу бойынша ірі жобаның алғашқы кезеңі (қуаты 50 МВт) жүзеге асырады. Екінші кезеңде қуаттылықты 100 МВт дейін арттыру қарастырылған. Сонымен бірге, компанияның үшінші кезеңде қуаттылықты екі есеге арттыру жоспарында бар», - деп жазды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев өзінің Іnstagram парақшасында.
Сонымен бірге, оның айтуынша, 2020 жылы Целиноград ауданында «KB Enterprises» ЖШС (қуаты 100 МВт) күн электр стансасын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаға құйылатын инвестиция көлемі 53,3 миллиард теңге және ол шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні аумағы 300 гектар жер телімі бөлініп, жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
- 80 жылдыққа – 80 нысан: Жамбыл облысында жаңа нысандар ашылуда
- Ақмола облысында 36 бизнес жоба жүзеге асырылмақ
- Ақмола кәсіпкерлерінің 90 пайыздан астамы онлайн бақылау-кассалық машинаға ауысты
- Ақтөбеліктер мемлекеттік бағдарламалардың арқасында баспаналы болды
-
Қарағандылық барымташы Ақмола облысынан 50 жылқы ұрлаған
-
Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам