Ақмола облысында жел электр стансысы салынып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов Бұлақсай ауылында болды. Онда «ЦАТЭК Green Energy» серіктестігі жел электр стансысын салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қуаты 50 МВт болатын стансы келер жылы барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіліп, нысанға Vestas компаниясының V112-3.3MW маркілі 15 жел генераторлары қойылады.

Аталған жоба сәтімен жүзеге асырылатын болса, 10 мыңнан астам адамның электр қуатына деген қажеттіліктерін жаңғыртылатын энергия көздері арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Құрылыс кезінде 300 жұмыс орны құрылады, нысанда қызмет көрсету үшін 20 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

Жел электр станциясының құрылысы 2019 жылдың ортасына таман аяқталады.

Соңғы жаңалықтар