Ақмола облысында жеке инвестиция есебінен 600 жұмыс орны ашылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Ақмола облысының экономикасына 180,5 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 90% - жеке инвестициялар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев елордада есептік брифингте айтып берді.

«Биылғы төрт айда облыс экономикасына 180,5 млрд теңге тартылды және өткен жылғы деңгейге қарағанда 19% өсім бар. Оның ішінде, жеке инвестиция үлесі - 90%», - деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, сыртқы шетелдік инвестиялар көлемі – өткен жылғы деңгейден 1,5 есе өсімімен 22,5 млрд теңгені құрады.

«Биыл жыл басынан бастап, жеке меншік инвестиция есебінен 28,6 млрд теңгеге 16 жоба жүзеге асырылды, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, 2023 жылы Ақмола облысында 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы 193,2 (млрд теңгеге 192 (жобаны іске қосу жоспарда бар», - деді Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін аймақ әкімі Ақмолада аграрлық салаға 106 млрд теңге бөлінгенін, азық-түлік өндірісі бойынша 92 инвестициялық жоба қолға алынғанын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар