Ақмола облысында жазғы бидайдың мерзімінен 10-15 күнге кеш пісуі байқалады

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жазғы бидайдың мерзімінен 10-15 күнге кеш пісуі байқалады. Бұл туралы Целиноград ауданындағы "Родина" агрофирмасы" ЖШС-де 2014 жылғы егін орағына дайындық жұмыстарын пысықтау бағытында ұйымдастырылған семинар-кеңесте "Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми тәжірибе орталығы" ЖШС-нің директоры Жексембай Қасқарбаев хабардар етті.

Оның айтуынша, облыс аумағында шілде, тамыз айларында жаңбырдың көп болуынан бидай және өзге де дақылдардың пісуі мерзімінен 10-15 күнге кеш қалып отыр. Бұған егістік алқаптарындағы ылғалдың мол болуы да әсер етуде. Әсіресе, кейбір аудандарда топырақтың ылғалдылығы 100-140 мм құрайды.

"Өңірде шілде, тамыз айларында жауын-шашынның мөлшерінен көп болуы дәнді дақылдардың пісіп-жетілуіне кедергі келтіруде. Әсіресе, Қорғалжын, Еңбекшілдер және Ерейментау аудандарында ылғал қалыпты, ал Зеренді, Бурабай, Сандықтау және Атбасар аудандарында ылғал 100-140 мм деңгейінде. Алайда ауа райының қашан жылы қабақ танытатынына қарап отырмай, егін орағын уақытылы бастауымыз керек. Өйтпеген жағдайда, алқаптағы астықты жинап үлгермей қалуымыз мүмкін", - дейді Ж.Қасқарбаев.

Соңғы жаңалықтар