Ақмола облысында жатақхана тапшылығы қалай шешілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қоғамдық кеңестер алаңдары өзекті мәселелерді шешудің пәрменді тетігіне айналуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қоғамдық кеңестер қоғам мен билік органдары арасындағы өзіндік көпір қызметін атқаратын бірегей алаңға айналды. Үлкен транспаренттілік үшін бұл құрылымдар қоғамдық бірлестіктер жанында да әрекет етеді, сол арқылы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді.

«Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлау алды бағдарламаларды орындауды үйлестіру мақсатында, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы өңірлік сайлауалды бағдарламаларда бірқатар қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысында колледждер мен жоғары оқу орындары оқушыларының өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселесі кеңінен талқыланды. Облыс орталығындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жатақханалар құрылысының барысы туралы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы баяндады.

«2022 жылы 4 жатақхана пайдалануға беріледі - екеуі жоғары техникалық колледж үшін, біреуі Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледж үшін», - деді облыстық ведомство басшысының орынбасары Рауан Оспанов.

Жыл сайын аймақтық жоғары білім беру флагманы - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде оқуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Олар үшін жатақхана құрылысы бірінші мәселе болды.

«Университетте жалпы сыйымдылығы 1365 орындық 5 жатақхана бар. Студенттер үшін жеңілдікпен тұру шарттары туралы «Көкшетау» қонақ үйімен меморандум жасалды. Бүгінде онда 175 адам тұрады. 2022 жылға жатақханалар мен оқу корпустарына 120 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған», - деп атап өтті университет ректоры Марат Сырлыбаев.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жақсарту жөніндегі соңғы тапсырмалар аясында облыста кадрларды білікті даярлауға ғана емес, сондай-ақ студент жастардың тұруына жағдай жасауға да басымдық берілген.

«Күндізгі бөлімде оқитын 18926 студенттің 10277-і басқа қаладан келгендер. Колледждер жанында 6410 орындық 36 жатақхана жұмыс істейді. Бүгінде 7 жатақхана күрделі жөндеуден өтті, 3 жатақханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.


Соңғы жаңалықтар