+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Ақмола облысында жастарға бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды

2020 жылғы 21 қаңтар 16:47
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жастарға бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокурорлары жастарды жұмысқа орналастыру үшін бөлінген бюджет қаржысын ұрлаудың қылмыстық схемасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық халық санағын жүргізуге қанша қаржы бөлінді Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз Қаңтарда мемлекеттік бюджет қаражатының 6 млрд теңгесі үнемделді - Әлихан Смайылов

Ведомствоның дерегі бойынша, облыстық прокуратура Жастар саясаты басқармасын тексеру барысында жастардың жұмыспен қамтуға және орналастыруға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактілерін анықтады.

«Басқарманың бұрынғы маманы жалған құжаттар арқылы студенттерді жастар ұйымдарына, олардың басшыларымен достық қарым-қатынаста болып, формальды түрде жұмысқа орналастырған. Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде 1 миллион 400 мың теңгеден астам ақша ұрланған», - деді ведомстводан.

Прокуратурадан атап өткендей, Көкшетау қалалық сотының үкімімен бұрынғы мемлекеттік қызметші Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотталып, оған он есе мөлшерде - 14 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

«Сол үкімімен жастар қоғамдық бірлестіктерінің бұрынғы үш жетекшісі 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT