USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды

2021 жылғы 20 қазан 13:14
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды Бүлікшілер қолға ілінгеннің барлығын алып кетті – Семей әкімдігінің қызметкері Павлодарда балық аулауға барған ер адам мұз астына түсіп кетті

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 19-да Ерейментау аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз түскен. Ер адамның сөзінше, оның 16 жастағы ұлын ер адам пышақпен қорқытқан.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын Қылмыстық кодекстің 99-шы бабының 1-бөлігі, 293-ші бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған жергілікті тұрғын, 60 жастағы ер адам анықталды. Тексеру кезінде күдіктіден пышақ тәркіленді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 293-ші бабының 3-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT