Ақмола облысында жасөспірімдер арасында суицид саны артып отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар, оларды алдын алу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында айтылғандай, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау оқиғасының жиілеуі толғандырады. Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айында Зеренді ауданының Өркен кентінде кәмелетке толмағандардың екі суициді орын алды, оның біреуі сырттан келген жасөспірім болса, екінші жергілікті жасөспірім өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған. Бұл ауылда алғашқы жағдай ақпанның 23-де Өркен ауылында тіркелді.

«Бұл кәмелетке толмаған 11 сынып оқушысы. Оқу барысында қыз жақсы қабілеттерін көрсетті, үлгерімі жақсы болды. Бірақ жыл сайын өткізілетін суицид сауалнамасына 2018 жылдан бері қатыспаған. Анасы қызының сауалнамаға қатысқысы келмейтінін айтып, жазбаша бас тартты. Осыған байланысты көшпелі отырыс болып, нәтижесінде мектеп директорына, тәрбие жұмысы жөніндегі директорға, педагог-психологқа, сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды», - деп есеп берді Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Райхан Ғабдуллина.

Шілде айында Биктесін ауылында да суицид оқиғасы тіркелді. Әжесіне қонаққа келген 13 жасар бала есепте тұрмаған, полицияға тартылмаған және мінез құлқы жағымды жағынан сипатталған болып шықты. Симферополь мектебінің директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Ал 2021 жылдың 15-ші қарашасында сол Өркен ауылында 13 жастағы 7-ші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамайтынын сыныптастарына хабарлаған. Белгілі болғандай, бұл оның алғашқы әрекеті емес, ол өзіне жұрттың назарын аударту үшін осыған дейін де жасаған болып шықты. Белгілі болғандай, бала әжесімен тұрған, яғни еш құжатсыз. Әжесі 3 жыл ішінде қамқоршы ретінде құқығын заңдастырған жоқ.

Р.Ғабдуллинаның айтуынша, бұл жерде қорғаншылық бөлімі мен ауданның білім беру бөлімінің олқылықтары болған. Осы оқиғадан кейін аудан әкімдігі құжаттары жоқ туыстарының тізімін сұрады. Тек Зеренді ауданы бойынша осындай 117 оқушы анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша балалардың өз отбасыларында тұрмайтындығына не ықпал еткенін анықтау тапсырылды.

«Биылғы жылы тергеу бөлімшелерінің өндірісінде кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша 30 қылмыстық іс «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» болды. Бұл аяқталған сегіз суицид және 22 әрекет», - деп түсіндірді Ақмола облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айнагүл Қуандықова.

Айта кетсек, бүгінгі күні өңірде жасөспірімдер арасында суицидтік көріністердің өсуі байқалады. Егер өткен жылы алты суицид аяқталған болса, биыл сегіз тіркелді. Сондай-ақ, өз-өзінің өмірін қию әрекеті былтырғы жылы 18 жағдай болса, биыл 22 құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар