Ақмола облысында жасөспірім танысының атынан 2 кредит алған

None
None
СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған степногорлік жасөспірім күдікке алынды. 16 жастағы жасөспірім танысына екі кредит рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 қарашада Степногор қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

«ҚР банктерінің бірінің қосымшасы арқылы 16 жастағы жаспірім танысының мобильді құрылғысына еркін қол жеткізе отырып, оның атына онлайн-несие ресімдеген. Ол бүкіл соманы өзінің банктік картасына аударған. Шығын көлемі 1 миллион 278 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, екі аптадан кейін жасөспірім арыз иесіне өзге банктен 200 мың теңгеге онлайн-несие рәсімдеген.

«Күдікті қылмысын мойындады. Бұд қылмыс Қылмыстық кодекстің 190-шы бабының 2-ші бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жалғасып жатыр», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар