Ақмола облысында жасөспірім пойыздағы тоқтату кранын басып қалған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жасөспірім пойызға кешіккен әкесін күту үшін «тоқта-кранын» басып, пойызды тоқтатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Анықталғандай, 13 жасар баланың әкесі пойыз аялдаған кезде вагоннан шыққан. Кейін пойыз орнынан қозғала бастағанда кешіккен әкесі үшін қорыққан жасөспірім «тоқта-кранын» басып оны тоқтатқан», - деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Осыған байланысты, жасөспірімнің әкесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 560-бабы «теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

«Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел тежеудің 367 оқиғасын тіркеді, оның ішінде 12 тоқтату краны бұзылды»,-деп толықтырды полиция полковнигі.


Соңғы жаңалықтар