Ақмола облысында жасөспірім мен әйел суға кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында  Нұра өзеніне жасөспірім мен әйел адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 31 шілде күні таңертең Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылынан 300 метр жерде Нұра өзенінде құтқарушылар бір күн бұрын шомылып жүріп, суға ағып кеткен 13 жасар жасөспірімнің денесін тапты.

Сол күні Р. Қошқарбаев ауылынан 3 шақырым қашықтықта Нұра өзенінде  суға кеткен 32 жастағы келіншектің денесін алып шықты.

Ведомствоның ақпараты бойынша, суға ағып кеткендер шомылуға арналмаған жерде шомылған. 

Соңғы жаңалықтар