Ақмола облысында жас жігіт 19 жастағы қызды 50 мың теңгеге сатып жіберген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында адам саудасымен айналысқан 25 жастағы жігіт қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерімен қолға алынған жедел-іздестіру шарасы барысында адам сату фактісі белгілі болды. Онда 25 жастағы жігіттің 19 жастағы бойжеткенді 50 мың теңгеге сатып жібергені анықталды.

Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол шілде айының басында бір қызбен танысқан көрінеді. Қаладағы қонақүйлердің бірінде тұрып жатқан жігіт кейін бойжеткенді өзімен бірге тұруға шақырады. Оған келіскен қыз өзінің қалаған уақытында қонақүйге келіп жүреді. Бір күндері ол өзінің жеңіл жүрісті екенін, жыныстық қызмет көрсететінін айтқан. Ал мұны естіген жігіт көп ойланбастан қызды өзінің танысына 50 мың теңгеге сатып жіберген.

Қазіргі кезде күдікті ҚР ҚПК 132-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар