Ақмола облысында жас отбасыларға неке қию туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Отбасы күніне орай жас отбасыларға неке қию туралы куәлік табысталып, отбасы құндылықтары жайлы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен жас отбасыларға неке қию туралы куәлік тапсыру рәсімі өтті.

«К.Күмісбеков атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ қызметінің бас маманы Несібелді Махметова жастардың некесін қиды. Шарада аудан әкімінің орынбасары Дарын Сабырғали шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар Құдайберген Қабыкен мен Нұрайлым Камзинаны, сондай-ақ, «50 жыл - алтын той» иелері Амангелді Диханбаев пен Бақыт Шайхина құттықтап, сый-сыяпат жасады», - деді ауданы әкімдігінен.

Бұдан әрі халқымыздың салтымен жас келінге енесі ақ жаулық тағып, қайың атасы ақ тілекпен ақ батасын берді. Шара аудандық мәдениет үйі «Әжелер» ансамблінің орындауындағы ән шашуға ұласты.


Соңғы жаңалықтар