Ақмола облысында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қайырымдылық акция ұйымдастырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық» жобасы шеңберінде қайырымдылық шара ұйымдастырды.

Айтарлықтай, Көкшетауда «Жастар-Отанға» жобасы шеңберінде шапағаттық қызмет көрсетуге арналған «Кеңес орталығы» жұмысын жүргізуде, оған тұрақты негізде аймақ тұрғындары жүгінеді. Жаңа оқу жылдың басталуына орай аталған орталық кеңесшілерінің қабылдауларында болған бірінші сыныптар оқушыларының ата-аналары балаларды мектепке дайындау үшін демеушілік қолдау көрсету үшін өтініштерін білдірді.

Өз кезегінде «Новый Кокшетау» ЖШС директоры Рүстем Джангунаков, «Класс» кеңсе тауарлар дүкенінің директоры Галина Филюковалар игі шараны ұйымдастырған «Жас Отанның» белсенділерінің ұсынысын қабыл алып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы балаларға арналған қаржылай көмегін көрсетті.

Бұл қаржыға «Жас Отан» ЖҚ мүшелері балалар және олардың ата-аналарымен бірге Көкшетаудың сауда үйлеріне барып, қажетті кеңсе тауарларын, мектеп формасын сатып әперді.

«Көрсеткен көмегі үшін мейірімді жандарға, «Жас Отанның» мүшелеріне алғысымды білдіремін. Менің ұлдарым Ризабек, Рахат пен Ерсұлтанға бірігіп сөмкелер, дәптерлер мен аяқ-киім таңдау ісі өте ұнады», - дейді көпбалалы ана М.Ахметжанова.

Келесі жолы жасотандықтар одан да көп мұқтаж бүлдіршінді қайырымдылық шарамен қамтуды жоспарлауда. Бір айта кетерлігі, аталмыш акция облыстың бірқатар ауданында да өткізілді. Осы ретте, Ерейментау ауданында 100 балаға «Алиби - Павловка» ЖШС директоры Рамазан Бестаев, «Еркіншілік элеваторы - 2002» ЖШС жетекшісі Есен Өтесінов, «Ереймен-Тау» ЖШС директоры Темірболат Оразақов сияқты өзге де кәсіпкерлер көмек көрсету жағынан аянып қалмады.

Сонымен қатар «Нұр Отанның» филиалында аудандық партиялық ұйымының төрағасы, аудан әкімі Ермек Нұғыманов жаңа оқуға арналған іс-шараға қатысты. Ағымдағы жылы Ерейментау ауданында мектеп табалдырығын алғаш рет 526 оқушы аттаса, олардың ішінде аз қамтылған отбасылардың 58 балаларына «Нұр Отан» партиясының мүшелері қолдауларын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар