Ақмола облысында жас кәсіпкер дәріхана ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында жас кәсіпкер жекеменшік дәріхана ашты.

Ижевск аулында жаңадан ашылған дәріхананың иесі 24 жастағы кәсіпкер Әділет Ғаббасов. Өзі аудан орталығы Аршалы кентінде тұратын ол неліктен ауылдан дәріхана ашқан сырымен бөлісті.

«Біз әпкеміз екеуіміз ақшаны қайда салу жөнінде көп ойландық. Кейін ақылдаса келе дәріхана ашуды шештік. Неге десеңіз?  Өйткені бүгінгі дүкен,  бутиктер көп, ал,  дәріхана болса тапшы», - дейді Ә.Ғаббасов.

Енді ауыл тұрғындары аудан орталығына жүгірмей-ақ осы жерден қажетті дәрі-дәрмегін алып отырады. 

Соңғы жаңалықтар