Ақмола облысында жарты миллион теңге пара алған әкімдік қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қаржы полициясы 550 мың теңге көлемінде парамен ұсталған Бурабай аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманының үстінен ҚР ҚК 311-бабының 4-бөлімі «а» тармақшасы (Бопсалау арқылы пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық ЭҚСЖҚКД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаржы полициясының мәлімет бойынша тергеу амалдары барысында Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Бурабай кентінде заңсыз салынған дөңгелекті монтаждау шеберханасының иесінен аталған нысанды бұзбай, әкімшілік жауапкершіліктен, яғни айыппұлдан босатып, тіпті пайдалануға рұқсат бермек мақсатта 550 мың теңгені бопсалап алғаны анықталды.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынып, үстінен ҚР ҚК 311-бабының 4-бөлімі «а» тармақшасы бойынша (Бопсалау арқылы пара алу) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар