Ақмола облысында жанармай цистернасынан шыққан өрт сөндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өртенген цистерна жалыны толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері қатысқан.

Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеді, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласынан және 1 - Аршалы кентінен.

«Жолды полиция қызметкерлері жауып тастап, өрт сағат 19.21-де оқшауланып, сағат 19.41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін, елорда маңындағы елді мекенде жанар-жағармай құю бекеті өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар