Ақмола облысында жаңадан басқарма басшысы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен биылғы жылдың 15 қыркүйегінен бастап, облыстық жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Талғат Қойбағарұлы 1967 жылы туған. Мұғалім, заңгер және экономика магистрі біліктілігі бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1989 жылы еңбек пәнінің оқытушысы болып бастады. Бурабай кентінің әкімі, Щучинск қаласының әкімі, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Аршалы, Ерейментау аудандарының әкімі, сондай-ақ, тағайындауға дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар