Ақмола облысында жаңа спорт нысандары салынып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жергілікті биліктің басты жұмысының бірі – бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту. Өңірде жыл сайын сала инфрақұрылымы қазіргі заманғы жаңа спорт нысандарымен толығуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, биыл Аршалы кенті мен Степняк қаласында заманауи дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Осындай нысандардың құрылысы Ерейментау, Есіл және Целиноград аудандарында да жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, жаттығу және күрес залдары, жүзу бассейні салынуда. Соңғы екі нысанның құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Құрылыс жұмыстары келер жылы да жалғасатын болады. Оның бірін Целиноград ауданының Қосшы ауылында салу жоспарланған. Ал, Щучье қаласында тұрғындар түрлі спорт түрлерімен айналысатын, оқу- жаттығу шараларын, спорт үйірмелері мен жарыстар өткізетін көпбейінді спорт сарайын салу жоспарланған.
Осындай жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жақын уақытта облыста қазіргі замаңғы 14 спорт кешені жұмысын бастайды.
Үлкен ғимараттармен бірге, бизнес-құрылымдардың қатысуымен қала және ауылдарда соңғы үш жылда жүзден астам замануи спорт және ойын алаңдары, әсіресе жаспірімдер мен балалар арасында қызғушылық жоғары воркаут алаңдары пайдалануға берілді.
Алдағы уақытта барлық ауданда қазіргі замаңғы спорт нысандары салынып, тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігі арта түседі. Қазірдің таңда ақмолалықтардың 30 пайыздан астамы салауатты өмір салтын ұстанады.
- Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді
- Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
-
Теннис: Зара Дәркен Минскідегі турнирдің финалында жеңіліп қалды
-
Алматыдағы крематорийдің құрылысы қашан аяқталады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам